12
маусым
2026
«Кітапхана Time» іс-шарасы
«Кітапхана Time» іс-шарасы
Мектеп жанындағы «Жас қыран» тобының оқушыларымен «Кітапхана Time» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар қызықты ертегі оқып, оның мазмұнымен танысты. Ертегіні оқығаннан кейін балалар шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талдап, өз ойларымен бөлісті. Мазмұнын талқылау арқылы оқушылардың ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық белсенділігі дамыды.
Сонымен қатар, оқушылар ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдап, шағын көрініс көрсетті. Кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын шебер жеткізуге тырысты. Бұл жұмыс балалардың актерлік қабілетін ашып, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік берді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы рухани құндылықтарды насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шараны ұйымдастырған: Базылбекова Б.Б. және Егембердиева М.А.
