
14 ақпан – Халықаралық кітап күні аясында “Оқуға құштар мектеп” жобасы мен “Балалар кітапханасы” бағдарламасын іске асыру мақсатында мектебімізде “Шын жүректен – кітап сыйла!” атты челлендж бастау алды!


Челлендж мақсаты:

Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру;

Кітап оқуды насихаттау;

Кітапхана қорын жаңа және қызықты шығармалармен толықтыру.

14.02.2025 ж. №67жалпы орта білім беретін мектебінде “Оқуға құштар мектеп” жоба аясында сынып жетекші: Базылбекова Балжан мен мектеп кітапхана меңгерушісі Егембердиева Майра Расилбековна 6 “А” сынып оқушыларымен “Жусан иісі” атты библио-кафеде дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты:

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру;

Оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту, өз ойларын нақты әрі мәнерлі жеткізуге үйрету;

Ұлттық сана мен патриотизмді нығайту, рухани білім мен мәдениетті дәріптеу.

Библио-кафе мәзірі:

“Салат” – Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу;

“Бешбармақ” – “Жусан иісі” повестінің терең талдауы;

“Коктейль” – Сайын Мұратбековтің нақыл сөздерін талдау.

Оқушылар жазушының шығармаларын талдап, өз ой-пікірлерін әсерлі жеткізді. Оқуға деген қызығушылықтарын арттырған бұл ерекше дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті!

Баршаңызды көркем әдебиет оқып, рухани бай болуға шақырамыз!
