24
сәуір
2026
📚Кітап — білімнің бастауы, рухани қазына, ойдың шамшырағы.
Бүгінгі мерекеде баршаңызды кітап оқуға, кітапты сүюге, рухани байлықты арттыруға шақырамыз! «Кітап — алтын қазына» екенін ұмытпайық!
“23 сәуір —Ұлттық кітап күніне” орай №67 орта мектептебінде 7 “А” сыныбы білім алушыларымен “Кітап әлемінде” атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, рухани, танымдық және шығармашылық дамуына ықпал ету. Іс-шараға аса белсенділік танытқан білім алушыларымыз өздерінің сүйіп оқитын кітаптарын атап, кейіпкерлеріне тоқталып, адами қасиеттер мен құндылықтарды саралап, адамзат үшін бұл қасиеттердің жоғары екенін атап айтты. Шығармалар желісі бойынша топпен тапсырмалар орындалды. Іс-шара соңында кітапхана меңгерушісі М. Р. Егембердиева топқа кітаптар сыйлап, марапаттады.
Оқы! Ойлан! Оз!
Кітап оқы — кемелден!
