15
маусым
2026
1–12 маусым аралығында мектеп жанындағы «Қос қанат» жазғы лагері өз жұмысын табысты өткізді.
1–12 маусым аралығында мектеп жанындағы «Қос қанат» жазғы лагері өз жұмысын табысты өткізді.
Лагерь барысында оқушылар үшін қызықты әрі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалар спорттық жарыстарға қатысып, шығармашылық жұмыстармен айналысты, түрлі ойындар мен викториналарға белсене қатысты. Әр күн көтеріңкі көңіл-күймен, достық қарым-қатынас пен жарқын әсерлерге толы болды.
Лагерьдің басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Осы мақсатта өткізілген іс-шаралар балалардың бос уақытын пайдалы әрі көңілді өткізуіне мүмкіндік берді.
«Қос қанат» лагері өз жұмысын сәтті аяқтап, оқушыларға ұмытылмас естеліктер мен жағымды әсер сыйлады. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! 


Топ жетекшілері: Әбекова С. М.
Әбдірәсіл Т. М. 
