🎬🍿Бүгін мектебімізде 10-сынып оқушыларына ерекше фильм көрсетілді.
Бүгін мектебімізде 10-сынып оқушыларына ерекше фильм көрсетілді. Бұл туынды – жай ғана кино емес, әр жасөспірімнің жүрегіне ой салатын, болашаққа бағыт беретін маңызды шығарма. Фильм барысында оқушылар білімнің шынайы мәнін, өз арманы мен қызығушылығына сай мамандық таңдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінді. Кейіпкерлердің өмір жолы арқылы “бедел үшін емес, жүрек қалауы үшін таңдау жасау керек” деген терең ой жеткізілді. Оқушылар бір сәт өз болашағына көз жүгіртіп, үлкен өмірге қадам басар