09
маусым
2026
🏕️ «Жас қыран» жазғы лагерінің 4-күні шығармашылық пен қызықты сәттерге толы болды!
Бүгін тәрбиеленушілер кітап оқу сағатына қатысып, сүйікті ертегілері мен қызықты әңгімелерін оқып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылады. 

Шығармашылық шеберханада балалар түрлі-түсті қағаздардан әсем аппликациялар мен қолөнер бұйымдарын жасап, өздерінің қиялы мен шеберліктерін көрсетті. 
Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастырылып, балалар бір-бірінің еңбектерін тамашалады.
Таза ауадағы көңілді ойындар балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ептілік пен ұйымшылдықтарын шыңдауға мүмкіндік берді. 
Сонымен қатар достық, сыйластық және бірлік туралы тәрбиелік әңгіме өткізілді.
Күн соңында тәрбиеленушілер өз әсерлерімен бөлісіп, жақсы көңіл күймен үйлеріне қайтты. 
