18
маусым
2026
🎓 Құттықтаймыз, жас түлектер!
Бүгін №67 орта мектепте 9-сынып білім алушыларына негізгі орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
2025–2026 оқу жылында мектепті 72 түлек аяқтады. Оның ішінде 7 білім алушы оқу үздігі атанып, негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды.
Бұл күн – әр түлек үшін маңызды белес. Мектеп қабырғасында алған білім мен тәжірибе алдағы өмір жолында сенімді тірек боларына сенеміз. Түлектерімізге жаңа жетістіктер, дұрыс таңдау, биік мақсаттар мен жарқын болашақ тілейміз!
Үздік аттестат иегерлерін, олардың ата-аналары мен ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз – зор жетістіктің кепілі.
