17
маусым
2026
🎭 Балдәурен тобы театрда
Бүгін жазғы лагерьдегі «Балдәурен» тобы театрға барып, ерекше әсерге бөленді. Оқушылар қызықты қойылымды тамашалап, өнер әлемімен жақынырақ танысты. Театр балалардың эстетикалық талғамын дамытып, мәдени ортада өзін ұстауға үйретеді. Қойылым барысында кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен жақсы мен жаманды ажыратып, көптеген тәрбиелік маңызы бар ой түйді. Театрға бару балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, рухани дүниесін байытады. Барлығы көтеріңкі көңіл-күймен лагерьге оралып, алған әсерлерімен бөлісті. 
Топ жетекшілері: Шынтаева Ж.
Есеналы А.

