17
маусым
2026
🌿 Болашақты сақтау өз қолымызда: Тұрақты даму және Эко-жаз!
«Ауылдағы тамаша күн» жобасы аясында бүгін мектебімізде « Болашақты сақтау өз қолымызда: Тұрақты даму және Эко-жаз!» атты экологиялық іс -шара өтілді. Жазғы лагерь — тек демалыс орны емес, сонымен бірге табиғатты аялауды үйренетін таптырмас мекен. Бүгінде тұрақты даму мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру — әрбіріміздің басты міндетіміз.
Біздің балалар лагерьде бос отырмай, нағыз «жасыл белсенділерге» айналуда! Олар:
•
Картамен жұмыс істеп, туған өлкенің табиғатын зерттеп жатыр;
•
Өз қолдарымен жас көшеттер отырғызып, Жер-Ананы жасыл желекке бөлеуде;
•
«Нөлдік қалдық» (Zero Waste) қағидасын үйреніп, қоқысты сұрыптауды және қалдықтардан пайдалы бұйымдар жасауды меңгерді.
Тұрақты даму деген не? Бұл — бүгінгі табиғат байлығын ысырап қылмай, болашақ ұрпаққа таза қалпында аманаттау. Экологиялық сауаттылық үлкен жаһандық жобалардан емес, күнделікті қарапайым әдеттерден басталады: суды үнемдеу, пластикті азайту және ағаш егу.
Балалардың бойына кішкентайынан эко-мәдениетті сіңірсек, болашағымыз таза әрі қауіпсіз болмақ! 

Жобаның жетекшісі : Нұрышова Б.
