Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
18
маусым
2026

Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Ақордада Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға денсаулық сақтау саласының үздік мамандары қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оларды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Президент өз сөзінде медицина қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, олардың ел игілігі жолындағы еңбегіне жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр алғаш рет Ақордада медицина саласы өкілдеріне арнайы құрмет көрсетілгенін еске салып, бұл игі дәстүрдің биыл да жалғасып отырғанын айтты.
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесін дамыту еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
«Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша», – деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласында адал еңбек етіп жүрген барлық маманға алғысын білдіріп, олардың азаматтардың денсаулығын сақтауға қосып отырған үлесі өлшеусіз екенін жеткізді.
Жиын барысында медицина қызметкерлерінің кәсіби жетістіктері мен халық денсаулығын қорғаудағы еңбегі ерекше аталып өтті. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив