09
маусым
2026
🏕️ «Жас қыран» жазғы лагерінің 3-күні қызықты әрі мазмұнды өтті!Бүгін тәрбиеленушілер танымдық викторинаға қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Сондай-ақ, «Табиғатты аялайық» тақырыбында тәрбиелік әңгіме өткізіліп, балалар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы ой бөлісті. 
Күн соңында табиғат тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылып, жас суретшілер өз шығармашылықтарын таныстырды. 
Күніміз көтеріңкі көңіл-күймен, қызықты сәттерге толы өтті!
