07
маусым
2026
🌿 Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттың рухани қазынасы 🇰🇿
Әр халықтың болмысын айқындайтын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұрасы болады. Қазақ халқы үшін ол – салт-дәстүр мен әдет-ғұрып. Бесікке салу, тұсаукесер, қыз ұзату, беташар, шілдехана секілді дәстүрлер халқымыздың тәрбиесі мен тағылымының, даналығы мен даралығының айқын көрінісі.
Салт-дәстүр – өткеннің сарқыншағы емес, ол – бүгінгі ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулитын өмір мектебі. Дәстүрін дәріптеген елдің рухы биік, болашағы берік болады.
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ата-баба аманатына адал болайық! Өйткені дәстүрі сақталған елдің тамыры терең, тұғыры биік.
