Қазақ халқының әрбір салт-дәстүрі – тәрбиенің, өнегенің, ұлттық құндылықтың қайнар көзі. » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ халқының әрбір салт-дәстүрі – тәрбиенің, өнегенің, ұлттық құндылықтың қайнар көзі.
20
ақпан
2026

Қазақ халқының әрбір салт-дәстүрі – тәрбиенің, өнегенің, ұлттық құндылықтың қайнар көзі.

Қазақ халқының әрбір салт-дәстүрі – тәрбиенің, өнегенің, ұлттық құндылықтың қайнар көзі. Бүгін 2 «А» сыныбымен бірге «Мен білетін салт-дәстүрлер» тақырыбында тағылымды ашық сабақ өткіздік.
Оқушыларымыз ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұраларымызды танып, олардың мән-мағынасына терең үңілді. Соның ішінде ерекше тоқталғанымыз – байғазы салты. Байғазы – қуанышқа ортақтасу, жақсылыққа сүйіну, жаңа дүниеге ізгі тілек білдіру дәстүрі. Бұл – халқымыздың кең пейілі мен дарқан көңілінің айқын көрінісі.
Балалар байғазы туралы өз ойларын айтып, ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықтарын көрсетті. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы біз өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты, құрмет пен ізеттілікті сіңіреміз.
Сынып жетекшісі: Әлмаханбет Назерке.🌸
2 «А» сыныбы – өнерлі де білімді шәкірттерімен мақтана алады!
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықтала берсін!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив