19
наурыз
2026
«Ұлттық киім күні!»
18 наурыз
«Ұлттық киім күні!»
#67 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары осы күнде ұлттық құндылықтарымызды нақыштай отырып тарихқа көз жүгіртіп, ұлттық киімдерімыз туралы өз ойларын жеткізді.
Бұл күн – халқымыздың бай мұрасын, салт-дәстүрін және ұлттық болмысын дәріптейтін ерекше мереке. Ұлттық киім – тек сән емес, ол тарих, рух және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан құндылық.
Бүгін әрқайсымыз шапанымызды киіп, камзолымызды сәндеп, ұлттық нақыштағы киімдер арқылы өз тамырымызды еске алайық. Өйткені ұлттық киім – біздің мақтанышымыз! 
Ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, мәдениетімізді бірге дәріптейік!
Сынып жетекшісі: Абишева М. М.
