«Өмір сүру деңгейін жоғарылатудағы азаматтың орны» тақырыбында ашық сабақ өтті. » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өмір сүру деңгейін жоғарылатудағы азаматтың орны» тақырыбында ашық сабақ өтті.
21
сәуір
2026

«Өмір сүру деңгейін жоғарылатудағы азаматтың орны» тақырыбында ашық сабақ өтті.

20.04.2026 ж. күні 11 «А» сыныбында «Өмір сүру деңгейін жоғарылатудағы азаматтың орны» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақты Бахттияр Дәулетұлы жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушылардың белсенді қатысуына ерекше мән берді. Сабақтың негізгі мақсаты – елдің индекстер мен рейтингтердегі орнын айқындайтын өмір сүру деңгейінің маңызды көрсеткіштерін (білім, денсаулық, табыс, экологиялық мәдениет, азаматтық белсенділік) талдау және оларды арттырудағы әрбір азаматтың рөлін түсіндіру болды.
Сабақ барысында Canva платформасы қолданылып, оқушылар өз ойларын креативті түрде жеткізді. Сонымен қатар, STEM-HUB платформасы арқылы «Қазақ киіз үйлері» әдісімен топқа бөлініп, бірлескен жұмыс жүргізілді. «Жарық шам» тренингі жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
«Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар» апта дәйексөзі сабақ мазмұнымен үндесіп, әр оқушыға үлкен мотивация берді.
Функционалдық сауаттылық тапсырмалары арқылы оқушылар өмірмен байланысты жағдаяттарды талдап, нақты шешімдер ұсынды. Бағалау кезеңінде 1–10 балдық жүйеге негізделген «Ат жарысы» әдісі қолданылып, оқушылардың білім деңгейі қызықты форматта бағаланды. Сабақ соңында «Балық әдісі» арқылы кері байланыс алынып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Ашық сабаққа қатысқан ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақтың мазмұнына оң бағаларын беріп, кәсіби пікір алмасты. Бұл өз кезегінде педагогтер арасында әдістемелік тұрғыда тиімді диалог қалыптастырып, тәжірибе алмасудың жарқын үлгісіне айналды.
Бұл ашық сабақ – білім мен өмірдің өзара байланысын айқын көрсеткен, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұстаздар қауымы үшін де пайдалы тәжірибе алаңына айналған мазмұнды іс-шара болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив