"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №67 ОРТА МЕКТЕБІ" КММ БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ. » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №67 ОРТА МЕКТЕБІ" КММ БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
03
наурыз
2026

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №67 ОРТА МЕКТЕБІ" КММ БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

          "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №67 ОРТА МЕКТЕБІ" КММ

БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.


    Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар ҰБДҚ «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау» модуліне,  «Enbek.kz» және мектептің  ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.

   Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:

  1. Тәлімгер-1 бірлік (уақытша бос орын)
  2. Педагог-ұйымдастырушы -1 бірлік (тұрақты орын)  

Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №67 орта мектебі» КММ.

Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, «Әулиеата»  ауданы,  Ұлы Дала 141

Анықтама, байланыс номері: 87712331189

Электрондық пошта: 67_mektep@mail.kz

2. Негізгі функционалдық міндеттері:

          Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды. 

Лауазымдық міндеттері: 

Тәлімгер:

Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді. Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтарымен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды. Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге ұйымдастыруға ықпал етеді. Өзіне сеніп тапсырылған білім алушылармен тәрбиеленушілер, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені зерделейді және қолданады.

Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыны) дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Педагог-ұйымдастырушы: 

Тұрғылықты мекен-жайлары бойынша білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерімен, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасайды, олардың талантын дамытуға, ақыл-ой және физикалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Жасөспірімдер мен балалардың жұмыстарын, клуб, үйірме, секция, әуесқой бірлестіктерімен бірлескен әртүрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Қандай да бір бағытты: ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы басқа. Мектеп бойынша сынып сағаттарының өтілуіне бақылау жасау.Үйірменің өтілуіне бақылау жасау.Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарымен бірлесе отырып, түрлі іс- шараларды ұйымдастыру.Азаматтық қорғаныс.Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізілуіне басшылық жасау.

Еңбек ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы: 

Тәлімгер,педагог-ұйымдастырушы -100000-120000 (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)

3. Кандидатқа қойылатын   біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог"  санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.03 –13.03.2026 жыл аралығында. 

Үміткер кандидаттардан келіп түскен құжаттарды, конкурстық комиссиясының құжаттарды қарау мерзімі:   16.03-20.03.2026 жыл  аралығында 

5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы» қағидаларына сәйкес өткізіледі.

       Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

       11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. 

Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, «Ұлы дала» мөлтек ауданы,  мекен-жайында орналасқан «№67 орта мектебінің» қабылдау бөлімінде қабылданады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив