Тарих пәнінің мұғалімі Андасбаев Самат 10 “Ә”-сыныбымен «Этностардың пайда болуы туралы теориялар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақты сыпайы сәлемдесумен бастап, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың бойында жылы психологиялық ахуал қалыптастырды.

«Stem-hub» әдісімен оқушылар топқа бөлініп, бірлесіп жұмыс жасауға бағытталды.

Үй тапсырмасы «Бос ұяшықты таңда» әдісі арқылы сұралды – бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға сеп болды.

Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін бейнематериал көрсетіліп, оқушылардан тақырыпты болжау сұралды.

Оқушылар сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысты.

Кластерлер әдісі арқылы оқушылар С.М. Широкогоров, Ю.В. Бромлей және Л.Н. Гумилевтің этнос туралы теорияларын талдап, түсінді.

Термин сөздер жазылып, теорияларға байланысты салыстырмалы кесте толтырылды.

“Өзіңді тексер” әдісімен өз білімдерін бағалап,

“Шындық па, жалған ба?” тапсырмасы арқылы теориялық түсініктерін нақтылады.

Дискуссия алаңы:
Қай теория бүгінгі заманға сай келеді? Неге? – деген сұраққа оқушылар өз пікірлерін сенімді түрде білдірді.

Сабақ “Электр шамы” әдісі арқылы эмоционалды рефлексиямен қорытындыланды.

Оқушылар белсенділік танытып, сын тұрғысынан ойлау мен талдау қабілеттерін көрсетті.
