
№67 орта мектебіміздің 1 жылдық мерейтойына орай барлық сыныптар ерекше форматта көңіл-күй сыйлап, жүрекжарды тілектерін шарларға жазып жеткізді!

Әр сыныптың жылы лебізі мектеп дәлізін шаттыққа бөлеп, туған күнге арналған ең әдемі сыйға айналды. Бұл — бірлігіміздің, ұйымшылдығымыздың, ортақ қуанышқа деген құрметіміздің айғағы!

Мектебіміз жас болса да, ұжымы берік, оқушылары белсенді, жетістігі мол білім ордасына айналып келеді.

Мектебіміздің әр қадамы сәтті болсын!