ҚР Оқу-ағарту министрлігі: оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Оқу-ағарту министрлігі: оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды
28
шілде
2025

ҚР Оқу-ағарту министрлігі: оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды

⚜️ ҚР Оқу-ағарту министрлігі: оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды
⚜️ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылынын басталу
және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ, каникул кезеңдерін нақтылады.
🛎️Оқу процесі 2025 жылы 2 қыркүйекте
басталып, 2026 жылы 25 мамырда аяқталады.
Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
1️⃣Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады.
2️⃣Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы
каникул 2025 жылы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.
📌Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша
демалыс 2026 жылы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғандағы 7 күнді құрайды.
3️⃣Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады.
Көктемгі каникул 2026 жылы 19 наурызда
басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады.
4️⃣Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылы 25 мамырда аяқталады
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив