25
қараша
2025
«Әдемі» тобының орындауында – “Бақытты бала” әні!
Мектебіміздің кішкентай жұлдыздары – «Әдемі» тобы өздерінің ерекше дауысымен көрермен көңілін бір серпілтіп, мейірім мен шаттыққа толы “Бақытты бала” әнін тамаша орындады.
Бұл ән – балалықтың бал дәуренін, әр баланың бақытты өмір сүруге құқылы екенін жеткізетін туынды.
«Әдемі» тобының өнері – мектеп мерекесінің шырайын келтіріп, жас өнерпаздардың талантына тағы бір мәрте көз жеткізді.
