20
мамыр
2025
№67 орта мектеп оқушысы Алимбеков Арсен I орын иегері атанды.
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің "Цивилист" студенттік ғылыми үйірмесінің ғылыми шараларының нәтижелері
2025 жылдың мамыр айында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің "Азаматтық құқық және процесс" кафедрасының "Цивилист" студенттік ғылыми үйірмесі (СҒҮ) студенттер, оқушылар және оқытушылар арасында маңызды құқықтық мәселелерді талқылауға арналған екі ірі ғылыми шара өткізді.
2025 жылдың 5 мамырында "Жеке мәліметтерді жинау және өңдеу кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды құқықтық реттеу" тақырыбында ашық отырыс өтті. Шараға Тараз және Жамбыл облысының колледж студенттері мен қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. «Жеке мәліметтерді жинау» Ехселде «Деректер қорын» жасап, №67 орта мектеп оқушысы Алимбеков Арсен I орын иегері атанды.