«Мұхтар-қазақ әдебиетінің тарланы» атты портреттік кеш өтті. » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мұхтар-қазақ әдебиетінің тарланы» атты портреттік кеш өтті.
12
ақпан
2025

«Мұхтар-қазақ әдебиетінің тарланы» атты портреттік кеш өтті.

🔰Бүгін №67 орта мектебімізде Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай Д.А.Қонаев атындағы кітапханамен бірлесіп «Мұхтар-қазақ әдебиетінің тарланы» атты портреттік кеш өтті. 
🔰 Мақсаты: Жазушының шығармаларын оқырмандарға кеңінен таныстыру, жас ұрпақтың классикалық және заманауи әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
🔰 Ic-шараға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінің филология ғалымдарының кандидаты, профессор Мендібай Абилов қатысты.
🔰 Іс-шара барысында №67 орта мектептің оқушылары хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларынан (ХV-XVIII ғасырлар) үзінді оқыды. А.Макаренко атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары «Көк мұнар» атты шығармасынан монолог, Керімбай атындағы Nº12 мектеп-гимназиясы 5, 9 сынып оқушылары «Бір атаның балалары» атты повесінен көрініс көрсетті.
⚜️ Кеште «Aru_dance_taraz» студиясының бишілері, «Қарақат» мектеп студиясының «ULYTAU» домбырашылары мен жетігеншілері өнерлерін көрсетті.
⚜️Іс-шара соңында Мұхтар Мағауин туралы деректі фильм көрсетіліп, «Тұғыры биік ірі тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив