02
мамыр
2025
«Роботтар мен Кибербулинг сайты»
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен "Программалау өнері" студенттік ғылыми үйірмесінің ашық отырысы, кәсіби бағдар мақсатында Жамбыл облысы мектеп оқушылары мен колледждердің студенттеріне арналған "Роботтар мен Web қосымшаларын бағдарламалау" тақырыбындағы конкурс өткізді. Жамбыл облысы бойынша мектеп оқушылары мен колледждердің студенттері екі номинация бойынша өз ғылыми жобаларын көрсетіп баяндау арқылы сайсқа түсті. Көптеген жоғары деңгейде орындалған жобалар тыңдалып, орындаушылары 1-3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталып және сыйлықтарға ие болды, ал ғылыми жетекшілеріне Алғыс хат берілді. Қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
2-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлық – №67 орта мектептің 9-сынып оқушысы Әлімбеков Арсен «Роботтар мен Кибербулинг сайты» тақырыбында өз жұмысын көрсетті. Жетекшісі Ерпаизова Куланда Едиловна.