Бүгін мектебімізде 9-сынып оқушылары үшін қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан өткізілді.

Мемлекеттік емтиханның мақсаты – оқушылардың қазақ тілі бойынша алған білімдерін, тілдік дағдыларын және сауатты жазу, дұрыс сөйлеу қабілеттерін бағалау. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру стандарты талаптарының меңгерілу деңгейін анықтау.

Негізгі міндеттері:

Оқушылардың тілдік білімін жүйелеу және бекіту;

Оқу, тыңдалым, айтылым және жазылым дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау;

Сауатты жазу мен әдеби тіл нормаларын сақтау қабілетін бағалау;

Өз ойын анық, дәлелді және мәдениетті түрде жеткізе білуін тексеру;

Қазақ тіліне деген құрмет пен жауапкершілікті арттыру.
Мемлекеттік емтихан – оқушылардың білімін бағалаумен қатар, олардың болашақ оқу жолына сенімді қадам жасауына мүмкіндік беретін маңызды кезең. Барлық 9-сынып түлектеріне сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!
