Хабарландыру!!! » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Хабарландыру!!!
31
қаңтар
2025

Хабарландыру!!!


          "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №67 ОРТА МЕКТЕБІ" КММ

БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.


    Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектептің  ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.

   Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:

  1. Бастауыш сынып   мұғалімі -1 мұғалімі ( бос орын-16 сағат)

Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №67 орта мектебі» КММ.

Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, «Ұлы дала» мөлтек ауданы, 22 А

Анықтама, байланыс номері: 87712331189

Электрондық пошта: 67_mektep@mail.kz

2. Негізгі функционалдық міндеттері:

          Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды. 

Лауазымдық міндеттері: 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.  Білім алушыларды  бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингісін жасайды. Бейінді оқыту, әр түрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.

Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

     Еңбек ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы:  150000-160000 (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)

3. Кандидатқа қойылатын   біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог"  санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.02 – 11.02.2025 жыл аралығында. 

Үміткер кандидаттардан келіп түскен құжаттарды, конкурстық комиссиясының құжаттарды қарау мерзімі:   12-18 ақпан  2025 жыл  аралығында 

5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға  тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы   Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің   2012 жылғы   21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №362 бұйрығының 3-тарау және  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.12.2024 № 486  бірлескен бұйрығымен) «Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі» қағидаларына сәйкес өткізіледі.

       Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

       8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

       12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

       13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. 

Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, «Ұлы дала» мөлтек ауданы,  мекен-жайында орналасқан «№67 орта мектебінің» қабылдау бөлімінде қабылданады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив