12
маусым
2026
🔰Бүгін мектебімізде 9 сынып оқушылары үшін орыс тілі және әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтихан өткізілді.
Мемлекеттік емтиханның мақсаты оқушылардың орыс және әдебиеті пәні бойынша алған білімдерін, тілдік дағдыларын және сауатты жазу, дұрыс сөйлеу қабілеттерін бағалау. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру стандарты талаптарының меңгерілу деңгейін анықтау.
Негізгі міндеттері: Оқушылардың тілдік білімін жүйелеу және бекіту;
Оқу, тыңдалым, айтылым және жазылым дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау;
Сауатты жазу мен әдеби тіл нормаларын сақтау қабілетін бағалау;
Өз ойын анық, дәлелді және мәдениетті түрде жеткізе білуін тексеру;
Мемлекеттік емтихан - оқушылардың білімін бағалаумен қатар, олардың болашақ оқу жолына сенімді қадам жасауына мүмкіндік беретін маңызды кезең. Барлық 9-сынып түлектеріне сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!
67_keleshekmektep_taraz
