Сән және жеке тұлға үйлесімділігі
Сән және жеке тұлға үйлесімділігі 9-сынып оқушылары «Жеке даралық имидж жасау» тақырыбында тәжірибелік жұмыс орындап, өз стилін анықтау бойынша шағын эксперимент жүргізді. Оқушылар сән элементтерін, түстер үйлесімін және жеке характер ерекшеліктерін ескере отырып, өзіндік имиджін қалыптастыруға талпынып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Көркем еңбек сабағы — тұлғаның өзін тануына ашылатын жаңа мүмкіндік! #көркемеңбек #жекетұлғаимиджі #9сынып #шығармашылық #мектепөмірі #стильжасау