21
қараша
2025
ДосболLike бағдарламасы — Әділет пен жауапкершілік құндылықтары айы
1 “А” сынып оқушыларымен «Әділет пен жауапкершілік» тақырыбында өте маңызды әрі тәрбиелік мәні зор сынып сағатын өткіздік.
Балалар күнделікті өмірде әділ болудың, өз ісіне жауап бере білудің маңызын түрлі ойындар, жағдаяттық тапсырмалар арқылы түсініп, өз ойларымен бөлісті.
— «Әділ бала қандай болады?» атты пікір талқысы
— Жауапкершілік жайлы «Менің уәдем» рефлексия парағы
— ДосболLike кейіпкерлерімен танысып, олардың әрекеті арқылы дұрыс шешім қабылдауды үйрену
— Достық, әділдік, адалдық жайлы қысқа көріністер
Балалардың белсенділігі, ашықтығы және әділдік туралы өз ойларын еркін жеткізуі қуантты.
Осындай сабақтар арқылы оқушылардың бойында ең маңызды адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына үлкен мүмкіндік туады.
1”А”сынып
Жетекшісі : Аязбекова Айгул
# 67 орта мектеп