«Жігіт сұлтаны - 2025»
Бүгін №67 орта мектебімізде «Жігіт сұлтаны - 2025» сайысы өткізілді. Сайыс барысы: 8, 9, 10 сыныптар арасындағы білім алушылармен ұйымдастырылды. Бұл сайыста жігіттеріміз тек өнерлерін көрсетіп қана қоймай, батырлығымен, парасаттылығымен ерекшеленді. Сайыс мақсаты: ата-салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерді танытып, бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу, әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әртүрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, шеберлігін шыңдау.