Әже – отбасының алтын қазығы. » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әже – отбасының алтын қазығы.
21
ақпан
2025

Әже – отбасының алтын қазығы.

⚜️Әже – отбасының алтын қазығы. Шаңырақтағы қарым-қатынасты реттейді, балаларды мейіріммен, ақылымен өмірге бейімдейді. Әжелер үнемі "арыңды аяқ асты етпе, үлкеннің жолын кеспе, біреуді жамандама, бөтен адамның ала жібін аттама" деген сияқты адамгершілікке баулитын сөздерді қайталаудан жалықпайды.
 ⚜️ Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі , ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» демекші №67 орта мектебінде «Даналық мектебінің » клубының  әже даналығын дәріптеу үшін  Асыл әжем, ақ жаулықты дана әжем» тақырыбында танымдық кеші өтті.    
 ⚜️  Танымдық сағатында әжелеріміз  төмендегідей бөлімдер бойынша  қыздарымызға өсиет,өнеге,ақылдарын айтып,ұмытылып бара жатқан тұрмыстық бұйымдарымен таныстырды.
   1.«Сәлем сөзді анасы»(Әжелерді  таныстыру)
2. « Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, ...  »  жеке бастың тазалығы, шаш,тырнақ тазалығы туралы
3. «Көненің көзі »қазақтың тал бесігі, келі мен келсап ,күбі мен қол диірмені туралы
4  «Қыз еркем кестесімен көркем...»  қазақтың ұлттық  қол өнерінен сыр шерту 
5. « Көздің тазалығын кірпік сақтаса, 
Жүректің тазалығын ұят сақтайды »   қазақтың ұят,обол,сауап сөздерінің мағынасы
⚜️ Өмірден көргені мен түйгені көп  әжелерімізбен  кездесу оқушылар үшін тағлымды да өнегелі  ,үйретері мол кеш болды
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив