
Бүгін №67 орта мектебімізде «Жігіт сұлтаны - 2025» сайысы өткізілді.

Сайыс барысы: 8, 9, 10 сыныптар арасындағы білім алушылармен ұйымдастырылды. Бұл сайыста жігіттеріміз тек өнерлерін көрсетіп қана қоймай, батырлығымен, парасаттылығымен ерекшеленді.

Сайыс мақсаты: ата-салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерді танытып, бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу, әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әртүрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, шеберлігін шыңдау. Сахна мәдениетін жетілдіріп, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сайыс қортындысы бойынша жігіттеріміз жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

Бас жүлде
8 «Ә» сынып білім алушысы Рақымжан Бақдәулет

І орын
10 «А» сынып білім алушысы Амантай Нарша

ІІ орын
9 «А» сынып білім алушысы Атабаев Абдуасыл

ІІ орын
8 «Б» сынып білім алушысы Сағади Даниал

ІІІ орын
9 «Ә» сынып білім алушысы Қалдыбай Нұрдәулет

ІІІ орын
8 «А» сынып білім алушысы Қойшыбай Әлішер

Сайысты ұйымдастырушылар:
Тауасарова Ф.М., Бұрылбай Н.Ә.