Ақпарат » Страница 117 » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көңілді үзіліс
05
наурыз
2025
Көңілді үзіліс
Көңілді үзіліс  Білім алушылардың үзілісін тиімді және көңілді өткізу мақсатында оқушылармен «Көңілді үзіліс» ұйымдастырылды. Білім алушылардың үзілісін қызықты әрі пайдалы етіп өткізумен қатар олардың көңіл- күйін, бір-біріне деген сыйластығын , мейірімділігін арттыру, адамгершілік пен әдептілікке тәрбиелеуге бағытталады.  2 « А » сыныбы  Сынып жетекшісі: Мұратәліқызы Арайлым
Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен»  жобасы аясында өткізілген қалалық "Мамандықтар марафоны" байқауы
05
наурыз
2025
Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен»   жобасы аясында өткізілген қалалық "Мамандықтар марафоны" байқауы Қазіргі таңда  әр оқушы үшін ең маңызды таңдау — болашақ мамандығын дұрыс таңдау! Тараз қаласының білім бөлімімен ұйымдастырылған "Мамандықтар марафоны" байқауына # 67 орта мектебінің  9 сынып оқушылары марафонға қатысып, өз мамандығы жайлы ойларымен бөлісті. Оқушылар өз мамандықтарын таңдауға қатысты ойларын, армандарын және келешектегі мақсаттарын айтты. Бұл бейнемазмұн
Физика пәнінен 7 „ А “ сынып білім алушысы  Талғатқызы Әдемі Сара кезекті өз тәжірибесін көрсетті.
05
наурыз
2025
Физика пәнінен 7 „ А “ сынып білім алушысы Талғатқызы Әдемі Сара
Физика пәнінен 7 „ А “ сынып білім алушысы  Талғатқызы Әдемі Сара кезекті өз тәжірибесін көрсетті. Қорытындылай келе , бірінші жұмыртқа су түбіне батады. Себебі : жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан артық.                                        Екінші жұмыртқамен жасалынған тәжірибеде , жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады,батпайды. Себебі : тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық,сондықтан жұмыртқа батпады.                                                 Физика пәні мұғалімі :
Үзіліс уақытын пайдалы өткізу – ең жақсы шешім!
04
наурыз
2025
Үзіліс уақытын пайдалы өткізу – ең жақсы шешім!
 Көңілді үзіліс! Үзіліс уақытын пайдалы өткізу – ең жақсы шешім!  Оқушылар үзіліс кезінде білімдерін нығайтып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды. Платформаларды пайдаланып информатика пәнінен тапсырма орындау сәті. Пән мұғалімдері: Ерпаизова К. Е. Мадибаев М.Қ.
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
04
наурыз
2025
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 2025 жылдың 28 ақпанында Тараз қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Республикалық ашық турнирде #67 орта мектебінің 6 “А” сынып оқушысы Қозыкөрпеш Арнат 2-орын иеленді! Ол өзінің үздік өнерімен көзге түсіп, медаль және дипломмен марапатталды. Мектебіміз үшін үлкен мақтаныш! Арнатқа болашақта жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруды тілейміз!
Су добы чемпионаты
04
наурыз
2025
Су добы чемпионаты
 Су добы чемпионаты  2025 жылғы 19-24 ақпан аралығында Орал қаласында су добынан Қазақстан Республикасы чемпионатының 2-кезеңі өтті. 6 “А” сынып білім алушысы Молтан Зейн бұл жарысқа қатысып, өз шеберлігін көрсетті! Жарыс қорытындысы:  Астана – 27 ұпай  Тараз – 24 ұпай  Тараз командасын жүлделі 2-орынмен құттықтаймыз! Жеңістерің көп болсын!
“Өрт қауіпсіздігі күні” аясында арнайы сабақтар өткізілді.
04
наурыз
2025
“Өрт қауіпсіздігі күні” аясында арнайы сабақтар өткізілді.
 Өрт қауіпсіздігі күні  Бүгін, 4 наурыз күні №67 орта мектебінде Жамбыл облысы ТЖД авариялық-құтқару техникасының қатысуымен “Өрт қауіпсіздігі күні” аясында арнайы сабақтар өткізілді.  Оқушылар мен мектеп ұжымы төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік шаралары және өрт кезінде дұрыс әрекет ету туралы маңызды ақпаратпен танысты.  Алғашқы әскери дайындық мұғалімі: Әшен Айсауле  Қауіпсіздік – бәріміз үшін маңызды!
«Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" романының өміршеңдігі,Ұлпан бейнесі»атты ашық сабағын өтті.
03
наурыз
2025
«Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" романының өміршеңдігі,Ұлпан бейнесі»атты ашық
Мамбетқызы Айсұлу ,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 9-сыныпта «Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" романының өміршеңдігі,Ұлпан бейнесі»атты ашық сабағын өтті.  Сабақ басында жұмыс жасауға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, топтарға бөлді.  Үй тапсырмасын тексере отырып, оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбын ашуға бағытталған жұмыс түрлері жүзеге асырылды. Сабақтың оқу мақсатымен таныстырды. Топтарға тапсырмалар берілді.  Тапсырмалар оқушылардың іздену,зерттеу дағдыларын қалыптастыруға
Мектебімізде ағылшын ұстаздарының ұйымдастыруымен Choco Day өтті.
03
наурыз
2025
Мектебімізде ағылшын ұстаздарының ұйымдастыруымен Choco Day өтті.
Мектебімізде ағылшын ұстаздарының ұйымдастыруымен Choco Day өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың бір-біріне шоколад сыйлау арқылы жақсы тілектер мен жылы лебіздер білдіруі. Шара барысында оқушылар өзара достық қарым-қатынастарын нығайтып, позитивті эмоциялармен бөлісті. Choco Day – бұл тек тәттілермен бөлісу ғана емес, сонымен қатар, достық пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды іс-шара.
"Әр өлеңі-бір әлем "
03
наурыз
2025
"Әр өлеңі-бір әлем "
Мұқағали Мақатаев аса дарын, алып ақындық талантымен қаншама жылдар өтсе де, өлмес өлеңдерімен өрлей бермек. Оның өшпес өрнекті ұзақ өмір сүріп, жастардың жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жылуы мен жарығын дарытуда. Әрбір оқыған, іздеген сайын ақынның жаңа сырлары аңғарылып, тың толқындары тулап, сырлы саздарын төгуде. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың өлеңдері шын