
Мамбетқызы Айсұлу ,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 9-сыныпта «Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" романының өміршеңдігі,Ұлпан бейнесі»атты ашық сабағын өтті.

Сабақ басында жұмыс жасауға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, топтарға бөлді. Үй тапсырмасын тексере отырып, оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбын ашуға бағытталған жұмыс түрлері жүзеге асырылды. Сабақтың оқу мақсатымен таныстырды. Топтарға тапсырмалар берілді.

Тапсырмалар оқушылардың іздену,зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сабақ барысында оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары жүзеге асырылды. Жаңа сабақ барысында өткен сабақтармен байланыс жүргізеді, қосымша материалдар пайданылады, пәнаралық байланыс жүргізілді.Бағалау жүзеге асырылды

Мұғалім сабақта оқушыларға ой шақыру мақсатында wordwall платформасы бойынша ширату сұрақтарына жауап беруді ұйымдастырды.
«Жұппен жұмы»с әдісі бойынша екі туындыны салыстыру негізінде оқушылар туындылардың:сюжетіндегі ұқсастықтары мен айырмашылығын,тақырыбындағы ұқсастықтары мен айырмашылығын ,идеясындағы ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтап баға беріп.кестелерді толтырды .

Топтасқан оқушылар «Талдап білу» әдісі бойынша Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романын өздері таңдаған ұқсас туындымен салыстыра талдап, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. Бекіту тапсырмасында оқушылар «Төрт сөйлем» әдісі арқылы сұраққа жауап беріп ,сабақты қорытындылады.