
Мектебімізде ағылшын ұстаздарының ұйымдастыруымен Choco Day өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың бір-біріне шоколад сыйлау арқылы жақсы тілектер мен жылы лебіздер білдіруі. Шара барысында оқушылар өзара достық қарым-қатынастарын нығайтып, позитивті эмоциялармен бөлісті. Choco Day – бұл тек тәттілермен бөлісу ғана емес, сонымен қатар, достық пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды іс-шара.