Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың басты бағыттарының бірі – елдің конституциялық құрылымын жаңғырту және өкілді билік институттарын күшейту. » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың басты бағыттарының бірі – елдің конституциялық құрылымын жаңғырту және өкілді билік институттарын күшейту.
13
наурыз
2026

Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың басты бағыттарының бірі – елдің конституциялық құрылымын жаңғырту және өкілді билік институттарын күшейту.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың басты бағыттарының бірі – елдің конституциялық құрылымын жаңғырту және өкілді билік институттарын күшейту. Осы мәселелерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында кеңінен тоқталып, алдағы саяси өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндірді.
Мемлекет басшысы мәслихаттардың болашақта жоғары заң шығарушы орган үшін кәсіби кадрлар даярлауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Мәслихаттар жоғары заң шығарушы органға қажетті кадрларды даярлауға белсене атсалысуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, референдумға ұсынылған Конституция жобасында жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау пропорционалды өкілдік жүйесі негізінде жүзеге асатыны көрсетілген.
«Референдумға шығарылған Конституция жобасында жаңа бір палаталы Құрылтайдың депутаттары пропорциялы өкілдік жүйе негізінде сайланады деп көрсетілген. Бұл қадам саяси партиялардың рөлін күшейтіп, заң шығару жұмысының сапасын арттыратыны күмәнсіз», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жүйе халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келетінін де атап өтті.
«Мұндай ұстаным озық халықаралық тәжірибеге толық сай келеді. Біз көптеген мемлекеттердің пропорциялы сайлау жүйесіне көшіп жатқанын көріп отырмыз. Дамыған елдерде де осындай жүйе бар. Себебі бұл тәсіл өз тиімділігін көрсетті», – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірлерде мажоритарлық, яғни бір мандатты сайлау жүйесі сақталатынын айтты.
«Аймақтарда мажоритарлық, яғни бір мандатты жүйе сақталады. Бұл – өте маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, дәл осы жүйе мәслихат депутаттарының халықпен тікелей байланысын сақтауға мүмкіндік береді.
«Себебі дәл осы мәслихат депутаттары жергілікті жерде сайлаушылармен үнемі байланыста болып, қоян-қолтық жұмыс істейді», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар мұндай жүйе партия құрамына кірмейтін, бірақ халық сеніміне ие азаматтарға да саясатқа араласуға мүмкіндік береді.
«Сонымен бірге мұндай жүйе ешқандай партияға кірмейтін, бірақ халық сенетін іскер азаматтар үшін тағы бір тиімді саяси баспалдақ болмақ. Сол арқылы мәслихаттардың рөлі арта түседі», – деді Президент. #референдум2026
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив