05
маусым
2026
«Ауылдағы тамаша күн» жобасы аясында бүгін « Қолөнер шеберханасы» сабағында оқушыларымыз үшін нағыз танымдық әрі белсенді күн болды!
«Ауылдағы тамаша күн» жобасы аясында бүгін « Қолөнер шеберханасы» сабағында оқушыларымыз үшін нағыз танымдық әрі белсенді күн болды!Сабақ барысында қолөнер бұйымдарын жасау, қазақтың ұлттық бұйымдары туралы түсінік берілді.
Қолөнер тек тұрмыстық заттар жасау емес, бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен өнер, ұлттың кодталған тарихы мен мәдениеті. Ерте кезден-ақ қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі қолөнермен тығыз байланысты болған. Әрбір бұйымның өзіндік сыры, айтар ойы мен салынған оюының мән-мағынасы бар.
Қазақ қолөнері бірнеше үлкен салаға бөлінеді және олардың әрқайсысы ерекше шеберлікті талап етеді:
1. Киіз басу және тоқыма өнері: Төрімізге төселетін текемет пен сырмақ, қабырғаға ілінетін тұскиіз бен алаша – үйдің сәні ғана емес, жылулық пен берекенің символы.
2. Ағаш және тері өнері: Қасиетті қара шаңырақ – киіз үйдің сүйегі, торсық, адалбақан, сандық пен бесік ата-бабамыздың табиғат заңдылықтарын шебер меңгергенін көрсетеді.
3. Зергерлік өнер (Күміс өңдеу): Қазақ зергерлері соққан білезік, жүзік, алқа, шолпылар тек сәндік үшін емес, қыз-келіншектерді тіл-көзден сақтайтын бойтұмар саналған. «Күміс бар жерде тазалық бар» деп, күмістің шипалық қасиетіне де үлкен мән берілген.
Жобасының жетекшісі : Нұрышова Б
