04
маусым
2026
🔰Болашаққа бағдар» жобасы аясында оқушылар арасында қызықты әрі танымдық «Мамандықты тап» ойыны ұйымдастырылды.
Ойын барысында қатысушылар әртүрлі мамандықтарды қимыл-қозғалыс арқылы бейнелеп, достары олардың қандай мамандық екенін табуға тырысты. Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, мамандықтар әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің тапқырлығы мен актерлік шеберліктерін көрсетті. Сабақ көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
