
№67 орта мектепте «Ақылды технологиялар әлемі: STEM арқылы шығармашылық пен технологияны біріктіру» бағыты бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мектеп оқушылары STEM білім беру бағдарламасы аясында ғылым, технология, инженерия және математика салаларын тәжірибемен ұштастырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуда. Түрлі жобалар, тәжірибелік сабақтар, робототехника, бағдарламалау және зерттеу жұмыстары арқылы білім алушылар заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін меңгеріп, инновациялық ойлау дағдыларын қалыптастыруда.
Аталған бағыттағы жұмыстар оқушылардың логикалық ойлауын, мәселені шешу қабілетін және командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Сонымен қатар, жас зерттеушілер мен болашақ инженерлердің жаңа идеяларын жүзеге асыруға жағдай жасалып, олардың ғылым мен технологияға деген қызығушылығы артып келеді.

STEM – бұл тек білім беру бағыты ғана емес, болашаққа бастар сенімді қадам. №67 орта мектеп оқушылары ақылды технологиялар әлемін игеріп, шығармашылық пен инновацияны қатар дамыту жолында табысты еңбек етуде.