17
қаңтар
2025
РОБОТОТЕХНИКА үйірмесі
РОБОТОТЕХНИКА үйірмесі
Роботтарды құрастыруға #67 орта мектебінің білім алушылары да робототехника үйірмесіне қатысып түрлі роботтарды құрастыруды бастап кетті.
Мақсаты:
Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды, сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру
Міндеттері:
• Оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
• Өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту.
• Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру
• Мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын қалыптастыру
• Оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту
Оқушылардың дайыдығына қойлатын талаптар:
• Жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру
• Топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалау
• Жобаны шығармашылықпен қорғау
• Диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдану
Кәсіпке бағдарлау:
жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология мамандықтарына негізделген.
Үйірмені ұйымдастыру формасы: дәріс,ойын, роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға, есептер шығару, топтық және жұптық жобалар жасау, жарыстар,топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау
Үйірме оқытуды аяқтау формасы:
Роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру
Роботтардың таныстырылымы және сайысы.
Жеңімпаздарды анықтау.
Күтілетін нәтиже:
• Түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау
• Қарапайым роботтарды басқару
• Шығармашылықпен жұмыс жасай білу
• Құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсартуға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойларды пайдалану
• Құрастырғыштың ұсақ бөлшектерін қолдану арқылы балалардың саусактарының ұсақ қимылдарын дамыту
Үйірме жектешілері: Мадибаев М.Қ. мен Ерпаизова К.Е.
