04
мамыр
2026
🔰30 сәуір күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесінің маңызы кеңінен талқыланып, ата-ананың бала өміріндегі рөліне ерекше назар аударылды. Екінші кезеңде тәрбиелік бағыттағы тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Үшінші кезеңде қорытынды жасалып, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары ұсынылды.
Жиналыс барысында ұрпақ тәрбиесіндегі ата мен ананың өнегелі жолы, тағылымды тәрбиесі — болашақтың берік негізі екені айқындалды.
