30
қыркүйек
2025
Адал азамат тәрбиелеу – ортақ міндетіміз!
✨ Адал азамат тәрбиелеу – ортақ міндетіміз! ✨
«Адал азамат тәрбиелеудегі – жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз, қауіпсіз мектеп» тақырыбында 5-сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
🔹 Жиналыс барысында ата-ана, ұстаз және мектеп арасындағы серіктестікке ерекше назар аударылып, оқушының білім мен тәрбие алу жолында ата-ананың белсенді араласуының маңызы талқыланды. 🔹 Мектеп психологі оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі және адалдықты бойына сіңірудегі сенімді қарым-қатынастың рөлі жайында ой бөлісті. 🔹 «Адал азамат» бағдарламасының бағыттары таныстырылып, отбасы тәрбиесіндегі үлгі мен жауапкершіліктің орны атап өтілді.
💡 Жиналыс аясында ата-аналармен бірге Абайдың “Толық адам” концепциясы негізінде топтық жұмыс жүргізілді. «Ақыл», «Қайрат», «Жүрек» ұғымдары талқыланып, әр топ өз көзқарасын білдіріп, баланың бойына сіңетін ең басты құндылықтарды айқындады. Бұл жұмыс ата-аналарға бала тәрбиесіндегі рухани үйлесімнің маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.
🔹 «Қауіпсіз мектеп – ортақ міндетіміз» атты бөлімде мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың қауіпсіздігі мен кибербуллингке қарсы саясат жайлы ақпарат берілді. 🔹 Сонымен қатар, сыныптың білім сапасы, олимпиада мен үйірмелерге қатысу белсенділігі бойынша мәлімет ұсынылды.
📌 Жиналыс ата-аналардың ұсыныс-пікірлерімен қорытындыланды.
💖 Біз үшін әр бала – болашақтың жарқын нышаны. Сондықтан адалдыққа, білімге, еңбекке құштар ұрпақ тәрбиелеу жолында мектеп пен ата-ана әрдайым серіктес болып қала береді!