21
қазан
2025
17 қазан 2025 жылы №67 орта мектебімізде 10 «А» және 10 «Ә» сыныптары үшін ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналармен ашық диалог орнатылып, баланың мектептегі тәртібі мен жетістіктері жайлы пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, ортақ жауапкершілік пен тәрбие берудегі бірлік туралы да айтылды.
Жиналыс өз деңгейінде өтті, ата-аналар белсенділік танытып, мектеппен тығыз байланыста болуға дайын екендіктерін білдірді.Ата-ана – Мұғалім – Оқушы: Үштік Одақ – Тәрбиенің Тірегі
Бала тәрбиесі мен білімінде үш жақтың — ата-ана, мұғалім және оқушының өзара бірлігі мен ынтымақтастығы үлкен рөл атқарады.
Ата-ана – баланың алғашқы тәрбиешісі,
Мұғалім – бағыт беруші, білімнің шамшырағы,
Ал оқушы – осы жолдаушының басты кейіпкері.
Бұл үштік бір мақсатқа жұмылғанда ғана оқушы тұлғасы толық қалыптасып, жан-жақты дамиды.
Ашық қарым-қатынас, өзара құрмет пен сенім – табысты тәрбиенің кілті.
Сондықтан ата-ана мен мектеп бірлесіп жұмыс істегенде, әрбір бала өз әлеуетін толық аша алады.
