28
сәуір
2026
🎬🍿Бүгін мектебімізде 10-сынып оқушыларына ерекше фильм көрсетілді.
Кейіпкерлердің өмір жолы арқылы “бедел үшін емес, жүрек қалауы үшін таңдау жасау керек” деген терең ой жеткізілді. Оқушылар бір сәт өз болашағына көз жүгіртіп, үлкен өмірге қадам басар алдындағы маңызды шешімдер жайлы ойланды.
Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың саналы, мақсатты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді деп сенеміз
