ХАБАРЛАНДЫРУ!!! » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
03
қаңтар
2025

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
"№67 орта мектебі" КММ  «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша  "Оқуға тиіс 100 кітап" жобасын іске асырып келеді. Адами қасиеттердің ішіндегі ең күрделісі және ұлысы – кітап: ол адамзаттың рухани байлығының әлемі. Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат-білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Осы мақсатта «Оқуға құштар мектеп» тұжырымдамасы аясында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын іске асыру, кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау, білімгерлердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханада, мектепте семинар, т.б. әр түрлі іс-шаралар өткізілетін болатынын хабардар етеміз.  «Жылдың үздік оқырманы» атты мектепішілік  байқауға қатысуларыңызды сұранамыз және  білімгерлерді іріктеу үшін комиссия құрылып, комиссия  шешімімен жеңімпаздар анықталатын болады, белсенді білімгерлер «Алғыс хат», сыйлықтармен марапатталатынын айтқымыз келеді. Осындай байқау мұғалімдер мен білім алушылар арасында да өткізілетінін хабарлаймыз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив