✨«Сән емес, сана таңдаймыз»✨ » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ✨«Сән емес, сана таңдаймыз»✨
13
сәуір
2026

✨«Сән емес, сана таңдаймыз»✨

✨«Сән емес, сана таңдаймыз»✨
✅Біз №67 орта мектебінің 11-сынып оқушылары үшін мектеп бітіру кеші – тек бір күндік сән-салтанат емес, өмірге жасалған маңызды қадам.
✅Біз – болашақтың иесіміз. Сондықтан бүгінгі таңдауымыз – ертеңгі тағдырымыз. Сән қуып, сыртқы жылтыраққа еліктеу оңай. Ал санаға жүгіну – нағыз батылдық.
❗️Соңғы кезде қаржы жинап, қымбат отшашу ұйымдастырып, ұзын кортеждер жасау сәнге айналды. Бірақ біз өз таңдауымызды жасадық👇
✅11-сынып оқушылары осы челлендж арқылы өз ойымызды, ұстанымымызды көрсетеміз:
❌ Артық шығын – біздің жол емес
❌ Бір күндік әсер үшін мыңдаған қаражат шашу – біздің құндылық емес
❌ Көрсету үшін жарысу – бізге жат
Біз не таңдаймыз?👇
✅ Саналы шешім
✅ Қарапайымдылық пен жауапкершілік
✅ Ата-ананың еңбегін құрметтеу
Бұл – тек видео челлендж емес. Бұл – біздің ұстанымымыз.
Біз сәнді емес, сана таңдаймыз!
🔥 Егер сен де бізбен келіссең – челленджді қабылда!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив