15
қазан
2025
Желідегі қауіпсіздік челленджі
Бүгін №67 мектептің 5-сынып оқушылары “Желідегі қауіпсіздік” тақырыбында қызықты челлендж бастады! 
Олар интернетті дұрыс және қауіпсіз пайдаланудың маңыздылығын көрсетіп,
«Бейтаныс адамға сенбе!», «Жеке мәліметіңді бөліспе!», «Сыпайы бол!», «Тек сенімді ақпаратқа сен!» деген маңызды кеңестер айтты. 
Бұл челлендждің басты мақсаты – балалардың интернеттегі мәдениетін арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және саналы қолданушы болуға шақыру. 
Кім желіде қауіпсіз жүру ережелерін жақсы біледі – солар өз үлесін қоссын! 