10
сәуір
2026
Мектебімізде жол қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған «Жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Мектебімізде жол қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған «Жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға жол-патрульдік қызметкерлері арнайы қатысып, оқушыларға жолда жүру ережелерін сақтау маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар нақты мысалдар келтіріп, жол белгілерінің мәнін, жаяу жүргіншілердің және көлік жүргізушілерінің міндеттерін түсіндірді. Сонымен қатар, білім алушылар өздерінің білімдерімен бөлісіп, жол ережелерін сақтау – әр адамның қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімін арттыру, жауапкершілігін қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
