
Кәсіби бағдар беру- болашақ мамандар мекені!
Бүгін мектебімізде 9–11 сынып оқушыларымен “Көлік әлемінде: болашақ – өз қолыңда” атты көлік, құрылыс және әуежай салалары бойынша кәсіби бағдар беру бағытында танымдық кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға көлік, құрылыс әуежай, және логистика салалары бойынша кәсіби бағдар беру, осы бағыттағы заманауи мамандықтармен таныстыру.

Оқушылар әуежай қызметінің құрылымымен, ұшқыш, диспетчер, техник сияқты мамандықтармен танысып, олардың маңызын түсінді.

Сонымен қатар құрылыс саласындағы сұранысқа ие мамандықтар, заманауи технологиялар мен инфрақұрылымдық жобалар жайлы пайдалы ақпарат алды.

Көлік саласындағы логистика, жүк тасымалы мен көлік инженериясы бойынша да қызықты мәліметтер ұсынылды.

Кездесу барысында мамандар оқушыларға көлік жүйесінің дамуы, заманауи технологиялар мен болашақтағы сұранысқа ие мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берді.

Оқушылар үшін бұл – өз болашағын жоспарлауға шабыт берген маңызды әрі пайдалы кездесу болды!
