18
наурыз
2026
Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат
Наурыз мерекесі қарсаңында 3 “Ә” сынып оқушысы Әділбек Аруна анасымен бірге қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеуге арналған ерекше бейнеролик дайындады.
Бейнероликте шашқа қатысты ырым-тыйымдар, олардың мән-мағынасы, сондай-ақ шашбаудың тағылу себебі туралы кеңінен айтылып, ұлттық тәрбиенің тереңдігі көрсетілді.
Бұл – ата-бабамыздан қалған асыл мұраны келер ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі.
Осындай тағылымы мол жұмыстар арқылы оқушыларымыз ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, салт-дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиеленуде.
