15
наурыз
2026
14 наурыз – Амал мерекесі (Көрісу күні) қарсаңында оқушыларға халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі – бата беру дәстүрі таныстырылды.
14 наурыз – Амал мерекесі (Көрісу күні) қарсаңында оқушыларға халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі – бата беру дәстүрі таныстырылды.
Мектебіміздің басшысы Мұрат Жарылқапұлы оқушыларымызға бата беріп ,өз тілегін білдірді.
Іс-шара барысында бата берудің мағынасы мен тәрбиелік мәні түсіндіріліп, оқушылар үлкеннің батасын алудың маңызын білді. Сонымен қатар бата сөздер айтылып, оқушылар ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеленді.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы жас ұрпаққа ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерді дәріптеу – басты мақсат.
Ұлттық дәстүріміз ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!
Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтаймыз! 1 «А» сыныбы Сынып жетекшісі Аязбекова Айгул № 67 орта мектеп


